Алматы облысында апатты мектептер болмайды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Алматы облысында 32 білім беру нысаны пайдалануға беріледі. Оған қоса 41 білім мекемесінің құрылыс және жаңғырту жұмыстарына 17 млрд. теңге бөлінген. Бұл туралы Алматы облысында «Жаңа білім беру бағдарламалары, инновациялар және құзыреттілік тәсілдеме - табысты мектепке қадам» атты тақырыппен өткен тамыз кеңесінде айтылды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.