Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл
Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл
Жамбыл Жабаев – қазақ халқының көрнекті ақыны, импровизатор. Ол 1846 жылы 28 ақпанда Шапырашты руынан шыққан Жабай есімді көшпенді қазақтың отбасында дүниеге келді. Ұлт мақтанышы Жамбыл тауынының маңында, қазіргі Отар станциясының солтүстік-шығысында, Шу өзенінің жоғарғы жағында дүниеге келгендіктен, ата-анасы таудың құрметіне орай Жамбыл деген есім береді. Жамбылдың домбыра аспабын ерте жасынан-ақ үйренуі оны басқа ақын-құрдастарынан ерекшелендірді. Жас Жамбыл атақты ақын Сүйінбайдың шәкірті болды. Ол көп жылдар бойы өзінің ұстазымен бірге жүріп, айтыс тыңдап, ақындық шеберліктің тәжірибесін үйренеді.
Жамбыл Жабаевтың шығармашылығында «Сұраншы батыр» поэмасы үлкен орын алады. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы туралы хабарды Жамбыл жайлауда болған...