Адам өмірінің мәні
Адам өмірінің мәні - логикалық емес, философиялық ұғым. Жер бетіндегі кез келген адам бірегей тұлға. Ал тұлға ретінде адамның мінезі мен дүниетанымын қалыптастыратын өзіне ғана тән қасиеттер жиынтығы бар. Темпераментке, тәрбиеге және тұқым қуалайтын факторларға байланысты өмірлік құндылықтар мен адамның белгілі бір мәселелерге көзқарасы қалыптасады. Уақыт өте келе адам бойында қалыптасқан мінездерге сай адамдардың өмірге деген көзқарастары өзгереді. Жасөспірім кезінде адам өмірінің мәнін достарымен көңіл көтеруден көретін болса, ал ересек жасқа қарай оның құндылықтары түбегейлі өзгеруі мүмкін және ол өмір мәнін отбасылық бақыттан, жайлылық пен тыныштықтан көре бастайды. Сондай-ақ, адам өмірінің мәнін жоғалтатын кездер де болады. Бұл әр адамның өмірінде...