Зауқайыр
Сиферблаттағы сояудай тiл бiр қалыпты ырғақтан танбайды. Бара-бара оның әрбiр сыртылының үнi зорайып, солқ-солқ еткiзiп миына күрзiдей тидi... Жойқын соққыдан басы шағылды...
ПРОЛОГ
Алматы. Тау қыраты
Сағат 22.38
Сырт... сырт... сырт...
Сиферблаттағы сояудай тiл бiр қалыпты ырғақтан танбайды. Бара-бара оның әрбiр сыртылының үнi зорайып, солқ-солқ еткiзiп миына күрзiдей тидi... Жойқын соққыдан басы шағылды...
Кiрпiгiн әзер қимылдатады. Жұмылған жанарының «тігісін сөгу» үлкен қиындық туғызды. Көзiн ашса шарасы қос шекесiмен қоса ду етiп, одан арыға шамасы жетпей қарашығы лажсыз қайтадан жасырынады.
Болмашы жылт еткен жарық сөнісімен маңдайының алды қызыл борыққа айналып, бiр сәт мына әлем қанға малынғандай қошқылданып тұна қалады. Бiрте-бiрте әлгi әлемiштенген шымқай дүниенiң үстiнен, қаңбақтай салмағы жоқ беймәлiм денелер қалқи бастайды. Кенет, аяқ астынан осынау жұмбақ тылсымның реңi өзгерiп, еңсеңдi басып, тынысыңды...