Білмейтіндер сын айтады
Қылқаламның шебері, танымал суретші бір шәкіртіне батасын беріп, еліне жіберерде оған соңғы тапсырмасын береді. «Салған суретіңді қаланың адам ең көп шоғырланған бөлініге орналастыр, қасына қызыл қалам қойып, халықтан қате болған, дұрыс шықпаған жерлеріне "х" белгісін қоюын өтінген жазу іл», — дейді.
Шәкірт ұстазының айтқанын бұлжытпай орындап, бір күннен кейін қайтып келгенде, суретінің барлық жері қып-қызыл "х" белгісіне толы екендігін көреді. Көңіл-күйі түсіп, ұстазына келеді. Ұстазы: «Еңсеңді түсірме балам, тағы бір сурет сал, оны да тағы сол баяғы жерге апарып орналастыр. Бірақ, бұл жолы қасына түрлі-түсті бояу мен қылқалам қойып, адамдардан қате болған, дұрыс шықпаған жерлерін түзетуін өтінген жазу іл», —...