Міржақып Дулатовтың «Біздің мақсатымыз» мақаласын талдау
Бұл мақаланың басты мақсаты қой бастаған серкедей болып надандықта, түнекте жатқан қазақ халқын жарыққа алып шығуға шақыру болды. Мақалада Міржақып Дулатов патша үкіметінің ұлт аймақтарындағы отаршылдық саясатын сынап, бұратана халықтарға көрсетіп отырған қиянатын, зорлық-зомбылығын әшкереледі.
Міржақып Дулатов - патша өкіметінің қуғын сүргіні мен Сталиндік репрессияның зардабын шегіп, тар жол тайғақ кешуді басынан өткізіп, әділет пен шындық жолында халқының мұң-мұқтажын жақтаған ұлтжанды ерлеріміздің бірі болған. ХХ ғасырдың бас кезінде қанат жайған демократиялық қозғалыстың , ел ішіндегі еркіндіктің мәдени өркендеуі үшін күрескен өкілдеріміздің бірі.
Осылайша билік төріндегілердің бастапқыда-ақ назарын өзіне аударған Міржақып Дулатовтың «Серке» газетінде жарияланған «Біздің мақсатымыз» атты мақаласы кешірім жасауға болмайтын саяси үгіт деп саналып, сынға алынуымен қатар, бұл газет конфискеленсін деген шешім қабылдап, патша үкіметі әрі қарай шығуына тыйым салады. Бұл мақаланың басты мақсаты қой бастаған серкедей болып надандықта, түнекте жатқан қазақ халқын жарыққа...