Жамбыл облысында 378 километр жол ақылы болады
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Биыл Жамбыл облысында «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» көлік дəлізінің 378 километрі ақылы негізге көшеді. Наурыз айында «Тараз – Шымкент», сәуірде «Тараз – Қайнар» бағытындағы автомобиль жолына аталған жүйе енгізіледі, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.