Күтпей-ақ қой!
Бір жолы кластасыммен сөйлесіп отырдым. Оның әйелі содан аз күн бұрын өмірден озған болатын. Кластасым жолдасынан қалған заттарды жиыстырып жүргенінде қолына әдемі жібек шарфыны іліктірген көрінеді. Ол шарфыны ерлі-зайыпты екеуі Америкаға саяхаттап барғандарында атағы шыққан, даңқы бар үлкен бір дүкеннен сатып алыпты.
эссе
I

Шарфы керемет, мінсіз, тіпті сыртына ілінген бағасы мен маркасы да сол қалпында сақталған. Ол әйел тірісінде әлгі шарфыны бір рет те мойнына ілместен, армандаған ерекше күннің келуін күтіпті.
Осы араға келгенде кластасым үндемей тынып қалды, мен де оны ары қарай сөйлетуге қолқаламадым. Ұзақ үнсіздіктен кейін ол: «бір затты ерекше күнге арнап сақтап қоюдың қажеті не, біз...