"Айқап" пен "Қазақтың" айтысы
"Айқап" журналы мен "Қазақ" газеті арасында интригаға толы тақырыптар қозғалып тұрды. Алайда, арадағы айтыс шын мәнінде жаулықтың белгісі ме?
ХХ ғасырдың бас кезінде, саяси ахуал ушығып тұрған уақытта жарық көрген газет-журналдарға көз жіберіп, сырын ашып, ақтарып көретін болсақ, олар отаршылдықтың үскірік желі шалып өткен Қазақстанның тарихынан, әдебиетінен, мәдениетінен, шаруашылық жайларынан деректер беретінін анық байқаймыз. Әрине, замандас басылымдар бірімен-бірі ара-тұра байланыс жасап тұрғаны да белгілі. Соның ішінде ерекше бір интригамен айтылатыны - "Айқап" пен "Қазақтың" айтысы. Жиі пікірталасқа түсіп жүрген басылымдар тартысы негативті бағытта баяндалып жүрді. Оған әсер еткен, сөзсіз, солақай саясаттың тарихты бұрмалауы еді. Айбарлы екі басылымның арасындағы байланыс шын мәнінде қалай болды? Тарқатайық.
« "Айқап" пен "Қазақ" арасында кей мәселелерге келгенде пікір алалығы кездесті. Дегенмен, ол...