АҚОРДАДАҒЫ КЕҢЕС: Еңбек нарығы елеулі еңбек ресурстарының ауысуына дайын болуға тиіс
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық саясаттың алдағы шаралары жөнінде кеңес өткізді. Кездесуге елдің ірі экспорттаушылары, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстанның іскер топтарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.