Үлкен бизнестен гөрі, шағын және орта бизнес экономиканың нағыз қозғаушы күші болатын кез жетті - А.Мырзахметов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазір үлкен бизнестен гөрі, шағын және орта бизнес экономиканың нағыз қозғаушы күші болатын кез жетті. Осындай ойымен бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен кеңес барысында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов бөлісті.