Абай дана, Абай дара қазақта
Сопбек Арайлым Абдуллақызы
Silkway Халықаралық университеті
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе», - деп Сұлтанмахмұт айтқандай, хакім Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың ақындық әлемі мағыналық ауқымы өте кең. Абай поэзиясы – өз заманындағы қоғамдық өмірдің ең көкейкесті, ең күрделі және маңызды мәселелерін қозғаған, толғаған поэзия. Ол өмірінің соңына дейін қазақ халқының жарқын болашағы үшін күресті. Оның өлеңдерінде, қара сөздерінде сол замандағы қазақ халқының өмірінің көркем бейнеленген шындығы жатыр. Артына қалдырып кеткен аса құнды мұраларында Абай адам бойында кездесетін жаман мінез-құлықтарды сынады, адамдықты, ақыл мен білімді алға қойды және жастарға ақылға, еңбекке сүйеніп өмір...