Бейтаныс әйелді пышақтап өлтірген ақтөбелік мәжбүрлі түрде емделеді
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотталушы Қ.Т.Алмашевқа қатысты іс қаралды. Оған Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен айып тағылды, деп хсбарлайды ҚазАқпарат тілшісі.