Рухани жаңғыру аясындағы заманауи жастар мәдениеті
Рухани жаңғыру аясындағы заманауи жастар мәдениеті
Қазіргі таңда Тәуелсіздігімізді алғалы 25 жылдан асты және егемен ел болған Қазақстанның алғашқы ұрпағы ат жалын тартқан азамат, елдің тізгінін ұстайтын халге жетті. Бүгінгі жаңа заман тәуелсіз елдің мұраты жастардың білімі мен біліктілікке талпынып әрекеттенуін, еңбектеніп өсуін талап етіп отыр. «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетін нығайтып, көркеюі жолында теріңді төгіп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі сен екеніңді ұмытпа», - дейді Елбасы бір сөзінде. Осынау қанатты сөздің астарында мемлекет басшысының жастарға артқан үміті мен сенімі мол екенін аңғаруға болады. Әр жыл сайын Елбасының халыққа арналған жолдауында...