Астанада дзюдо күресінен еліміздегі тұңғыш әлем чемпионаты өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24-30 тамыз аралығында Астанада елімізде алғаш рет әлем біріншілігі өткізіледі. Оған 123 мемлекеттен 823 спортшы (495 ер мен 328 қыз) қатысады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.