Ирландиядан әкелінген 1000 бас ірі қара Жамбыл жеріне жерсініп келеді
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысындағы «Jambyl Et MS» ЖШС асыл тұқымды мал басын көбейту үшін Ирландияның сиырларын әкеліп, жерсіндіру ісін қолға алынған. Осыдан төрт-бес ай бұрын аталған мемлекеттен облысқа 1000 бас мүйізді ірі қара жеткізілген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.