Қырғызстанға 150 мың доза Қытайдың коронавирус вакцинасы жеткізілді
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қытайдың «SinoPfarm» компаниясы әзірлеген COVID-19 вакцинасының 150 мың дозасы Қырғызстанға тегін берілді. «Манас» әуежайындағы гуманитарлық көмекті қабылдап алу рәсіміне Қыргыз Республикасының Премьер-министрі Улукбек Марипов катысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.