Екпінді жел, көктайғақ, тұман: 21 наурыз күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 21 наурыз күні республиканың басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болып, екпінді жел соғады. Солтүстік-батыста жаяу бұрқасын күтіледі. Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, оңтүстікте және оңтүстік-батыста найзағай болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.