Үкімет алдында Елбасы тапсырмаларына сәйкес жаңа ақша-несие саясатын түзіп шығу міндеті тұр - Алтай Қожахмет
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде жұртшылық арасында басты тақырып арқауына айналып, қызу талқылауға түсіп жатқан мәселе - теңгенің еркін айналымға шыққаны жайлы Үкімет пен Ұлттық банктің мәлімдемесі. Бұл жөнінде М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Алтай Қожахметтің өзіндік айтар ойлары жоқ емес.