Жаңа қаулы: Төртінші тоқсанда оқушылар қалай оқиды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында республиканың барлық өңірлерінде балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат берілді. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.