ЕО Грекияда мигранттар лагерлерін салуға 276 миллион еуро бөледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропа одағы грек аралдарындағы мигранттарға арналған бес лагерьді салуға және жөндеуге 276 миллион еуро бөледі. Бұл туралы Ішкі істер жөніндегі еурокомиссар Илва Йоханссон мәлім етті, ол дүйсенбіде Самос пен Лесбос аралдарына барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Agence France-Presse-ке сілтеме жасап.