Жұмбақ қаза
Әдебиет, тарих айнасында "Алаш" қозғалысының көрнекті өкілі Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың 1938 жылы 19 наурызда ату жазасына кескліп, қаза тапқаны туралы деректер көп. Алайда Бауыржан Момышұлы жазбаларында, " 1948 жылы мен Сібірдегі 59-бригада командирінің орынбасары болып тағайындалдым. Кезекті әскери жаттығулар өткізіп жүрген кезімде ну орманның арасында отқа жылынып отырған бір топ адамды көріп маңына жақындадым. Киген киімдері біртүрлі, әсілі сотталғандар болу керек. Олардан өзгешелеу басында түлкі тымағы бар бір адам 10-15 метрдей жерде өз алдына жылынып отыр екен. Тегінде қазақ сияқты. Мен соған жақындап келіп қазақша «Ассалаумағалейкүм» деп сәлем бердім. Ол менің сәлемімді ернін жыбырлатып қана қабылдап, түріме одырая қарады да, үндемей...