Қазіргі медициналық география: даму тарихы және ғылым жүйесіндегі орны .
Бұл мақалада қазіргі медициналық географияның даму тарихы және ғылым жүйесіндегі орны туралы мәселе қарастырылады . Медициналық география қалыптасу мен дамудың ұзақ тарихына ие. Оны құрамдас географиясы мен медицинасы сияқты, ежелгі ғылым деп айта аламыз. Сонымен қатар , медициналық географияның дамуына үлес қосқан әйгілі және белгілі орыс және шетел ғалымдары туралы айтылады . Медициналық географияның басқа ғылымдармен байланысы туралы мәлімет берілген . Осы мақалада қазіргі медициналық географияның жағдайы туралы айтылады . Әлемде болып жатқан жаһандық проблема - covid-19 вирусы туралы мәселе қозғалды .
Орындаған : А.Т.Майған
Ғылыми жетекші: А.О. Кулмаганбетова.
Медициналық география-ежелгі уақытта медицина мен географияның түйіскен жерінде пайда болған ғылым.Сіз оның нені зерттейтінің білесіз бе? Медициналық география-әртүрлі аумақтардың табиғи және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін олардың халықтың денсаулығына әсерін, адамның жекелеген ауруларының пайда болуы мен таралуын анықтау үшін зерттейтін медицина және география саласы.
"Медициналық география" ұғымын ғылымға XVII ғасырда Б.Рамаццини енгізген. Оның алдында Гиппократ өзінің "ауа, су және жер туралы" трактатында ( б.з. д. 424 ж.) және Ибн-Сина "медицина канонында"осындай ғылыми бағытты дамыту қажеттілігін атап өтті. Кейінірек олардың көзқарастары Паракельстің, Т.Сиденгамның еңбектерінде дамыды. 1792 жылы Финке "жалпы медициналық-практикалық географияның тәжірибесі" атты географиялық медицина туралы...