Сенат Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап кітап шығарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты «Қазақ хандығының 550 жылдығы - ұлттық тарихтың тағдыршешті кезеңі» ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдарын жинақ етіп шығарды. Аталған алқалы басқосу жоғарғы Палатаның бастамасымен биылғы ақпан айында өткізілді.