Бір ғасырлық тарихы бар «Ара» сатиралық журналы.
Ұшқалы тұрған «Арамын»,
Алдарыңа барамын.
Қисық,
Қыңыр,
Қырсауды
Талқыңа сүйреп саламын.
Жексұрын,
Жылпос,
Тоңмойын,
Төрешілді табамын,
Табамын да, шағамын!
Ұлы Отан соғысынан кейін ес жиып, еңсесін көтере бастаған ел-жұртымыздың езуіне күлкі үйіру керек болды ма, әлде етек ала бастаған қоғам дертіне сатираның «уын» сеуіп айықтыруды мақсат етті ме, әйтеуір екі есеп – бір есеппен «Ара» журналы қанат кақты. Түрлі-түсті бояумен безендірілген саяси-сатиралық журналдың негізгі діттеген бағыттамасы да алғашқы бетте айғайлап тұрды."Ара" — сатиралық журнал. 1956 жылы наурыздан айына бір рет, 0,75 баспа табақ көлемімен шыға бастады. Алғашқы шығарушылары — Ғ. Мүсірепов, А. Тоқмағанбетов, Қ. Жармағанбетов. “Ара” қоғам өміріндегі кемшіліктерді, шаруашылық...