Сыр диқандары күрішке орақ салды - Қызылорда облысы (ФОТО)
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Жалағаш ауданы «Ер-Әлі» щаруашылығында облыс диқандарының күріш ору науқаны салтанатты түрде басталып, ашық аспан астында «Дала күні 2015» семинары өтті. Шараға аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев және ауыл шаруашылық саласының мамандары қатысты. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.