23 мамыр күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 23 мамыр күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі. Еліміздің тек оңтүстігінде және шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады. Республиканың жекелеген өңірінде екпінді жел, оңтүстікте найзағай, солтүстікте шаңды дауыл болжанады. ҚазАқпарат бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.