Найзғай, бұршақ: 28 мамыр күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 28 мамыр күні Қазақстан территориясының солтүстік-батыс, солтүстік және орталық бөлігі кең антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың қалған территориясында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен құбылмалы күн райы болжанады, кей жерлерде найзағай, жаңбыр, бұршақ болады. Сондай-ақ жекелеген өңірде жел күшейіп, дауыл тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.