Канадалық лотереядан 5,3 млн доллар ұтып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың Онтарио провинциясының тұрғыны жексенбі күні «49-дан 6» Ұлттық лотереясынан 7 млн (5,3 АҚШ доллары) Канада долларын ұтып алды. Бұл туралы Atlantic Lottery қауымдастығының өкілі жексенбі күні хабарлады, деп жазады ТАСС агенттігі.