15 маусым күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 15 маусым күні ҚР территориясының басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан көбіне жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің тек батысы және оңтүстік, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында найзағай, өткінші жаңбыр, бұршақ болжанады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстік, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады. Сонымен қатар оңтүстік-батыста түңгі және таңғы сағаттарда тұман болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.