19 маусымда ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, аптап ыстық болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 19 маусым күні атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты, еліміздің басым бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, солтүстік-шығысында, орталығында нөсер жаңбыр және бұршақ күтіледі. Тек батыс пен оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде дауыл тұруы ықтимал, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.