Орман тәңірі
Кейінгі кезде көп ойлаймын, әсіресе терістік жағының батпайтын күні туралы ұдайы ойлай беретін болдым. Ойымнан биылғы жаз бен өзім тұратын орманшы үйі және үй сыртындағы орман екі елі шықпайды. Жай ғана уақыт өткізу үшін, әрі өз көңілімді аулау үшін бәз бірдеңе жазып тастауға да бел будым.
(роман)
Кейінгі кезде көп ойлаймын, әсіресе терістік жағының батпайтын күні туралы ұдайы ойлай беретін болдым. Ойымнан биылғы жаз бен өзім тұратын орманшы үйі және үй сыртындағы орман екі елі шықпайды. Жай ғана уақыт өткізу үшін, әрі өз көңілімді аулау үшін бәз бірдеңе жазып тастауға да бел будым. Уақыт шіркін баяу жылжиды, оны шапшаң зырлауға және мәжбүрлей алмайсың. Жанымды ештеңе іштей мүжіп жеп жатпағанмен де, ешбір алаңсыз өмір кешіп жүрмін. Барлығына да дән разымын, рас, мен отызға келіп қалдым, бірақ бүл онша коп жас емес қой. Бірнеше күн бұрын пошта арқылы екі қауырсын қалам алдым, оны түу алыстан жіберуге тиісті емес...