Махаббат мұңы
роман
Диірменшінің баласы ой үстінде келеді. Бұл жасы он төрттер шамасындағы кең иықты, күн мен желге әбден тотыққан жас жеткіншек әлде нелерді ойдан құрап айта қоюға керемет шебер болатын.
Ол өскенде сіреңке жасап шығармақшы. Бұл енді қауіпсіз кәсіп емес, саусағыңа күкірт жұқтырып алсаң, ер жүрекпін дегеннің ешбірі де қол ұшын беруге батпайды. Достарың да мұндай қатерлі істің хас шебері болсаң ғана қадірлейді.
Орманда ол оз құстарының амандығын білді. Құстардың бәрі оның ескі достары, ол олардың қайдан ұя салатынын біледі, тілін түсінеді, әр алуан дауыстарына жауап қайтарады. Жиі-жиі оларды ұннан пісірілген нанның қоқымдарымен азықтандырады.
Жолды жағалай өскен ағаштар да оның ескі...