Францияның премьер-министрі мен Еурокомиссия мүшелері ЕО-дағы миграциялық жағдайдың нашарлауына байланысты Калеге барады
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Бүгін Франция премьер-министрі Мануэль Вальс елдің ІІМ басшысы Бернар Казнев, Еурокомиссияның бірінші вице-президенті Франц Тиммерманс және көші-қон, ішкі істер мен азаматтық мәселелері бойынша еурокомиссар Димитрис Аврамопулоспен бірге көші-қон дағдарысына байланысты француз-британ шекарасындағы Кале қаласына барады.