ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат - Ұлытау ауданы Ақтас ауылдық округінің Пионер елді мекенінің маңында 2 мың гектарға жуық ең үлкен өрт ошағы шоғырланған. Қазір ауылға жақын маңда жұмыс жүріп жатыр. Елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.