Омбыда қазақ тілі мен мәдениетінің орталығы ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Омбы қаласындағы №114 жалпы орта білім беру мектебі жанында қазақ тілі мен мәдениетінің оқу орталығы ашылды. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз хатшысы Асқар Джалдинов хабарлады, деп жазады pavlodarnews.kz.
- Омбы облысының губернаторы былтыр Павлодар облысы әкімі Қанат Бозымбаевқа берген сөзінде тұрды. Бүгін сол Ресей өңірінде қазақ тілі орталығы қайта ашылды, - дейді А. Джалдинов.