Буддизмдегі қасиетті мәтіндер
Бұл мақалада әлемдік діндердің бірі Буддизм діні туралы және бұл діндегі қасиетті деп саналатын мәтіндер жинағы "Трипитака" туралы біршама ақпарат келтірілген. Бұл мақала дінтану, мәдениеттану, тарих мамандықтарының студенттеріне қызық болуы мүмкін.
Буддизм - Үндістанда б.з.д. VII – Vғ.ғ. шамасында пайда болған ілім. Буддизм – Үндіде (б.д.д. V ғ. кейін), Қытайда, Оңтүстік Шығыс Азияда(б.д.д. III ғ.кейін), т.б аймақтарға кең тараған. Негізін қалаушысы Солтүстік Үндіде ақсүйек отбасында дүниеге келген Гаутама Будда (Сиддхардха Шакьямуни)(б.д.д563-483 ж.ж).
Буддизм Ислам, Христиан, Индуизм діндерімен бірге әлемдік діндер қатарына жатады. 2010 жылы Encyclopedia Britannica ақпараты бойынша Буддизм дінінің ұстанушыларының саны 463млн адамды құраған.
Таралу аймағы бойынша ірі болып табылатын діндерге сай бұл дінде де өзінің қасиетті мәтіндері бар. Олардың жалпы атауы – Трипитака.
Трипи́така (санскр. त्रिपिटक, «Үш себет»; пали, Типи́така ; қыт. 三藏, Сань Цзан; жапон. 三藏, Сандзō; кор.삼장; вьет.Tam tạng) б.з.д. VII-Vғ. жасалған буддистердің қасиетті мәтіндерінің жиынтығы.
Буддисттер әлемінде Трипитаканың бірнеше нұсқасы...