Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Үндістанда құс тұмауынан алғаш рет адам өлімі тіркелді

Үндістанда құс тұмауынан 11 жастағы бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі India Today басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметі бойынша, бала 2 шілдеде Бүкіл Үндістан медициналық ғылымдар институтына (All India Institute of Medical Sciences, AIIMS) дене қызуы көтеріліп жеткізілген, ал 20 шілдеде қайтыс болған. Бастапқыда ол COVID-19 жұқтыруы мүмкін деген күдік болған. Бірақ барлық сынама нәтижесі теріс болғаннан кейін, бала құс тұмауын жұқтырғаны белгілі болған.
Нью-Делидегі барлық AIIMS қызметкері алдын алу шарасы ретінде карантинге алынды. Қазір мамандар қайтыс болған баламен байланыста болған адамдарды іздестіріп жатыр.
Басылым мәліметінше, Үндістанның Қоғамдық денсаулық сақтау мамандары бұл оқиғаға алаңдаушылық танытып отыр. Елде 15 жыл бойы құс тұмауының өршуі бірнеше рет байқалған. Алайда өлім жағдайы алғаш рет тіркеліп отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметі бойынша, құс тұмауымен ауыратын адамдар сирек кездеседі. Бірақ ауруды жұқтырса, өлім деңгейі 60 пайызға жетеді.
Бұған дейін Қытайда құс тұмауы вирусының H10N3 штамын жұқтырған әлемдегі алғашқы жағдайы анықталды.
H10N3 штамы алғаш рет Гонконгта 1979 жылы, содан кейін Таиландтағы құстар нарығында 2011 жылы анықталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *