Ақмола облысында әйел түрмедегі күйеуімен кездесу үшін жалған ПТР анықтама ұсынған
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының түрмесінде жазасын өтеп жатқан ер адамға кездесуге елордалық әйелі келді. Құжатын ұсыну кезінде әйелдің ПТР тесті жалған болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.