Анасы жақсы адамдар
Нобельдік сыйлық бақилық болған кісіге берілмейді.
34 жасында гендік инженериясы — адам тегі туралы зерттеуіне Нобельдік сыйлық алған Кембридж университетінің профессоры, халықаралық «Адам тегі» ғылыми-зерттеу жобасының тұңғыш жетекшісі Джеймс Уотсонның қыртысты қалың еңбегімен танысып шыққан бойым. Біраз сөзін күнделігіме түсіріп алдым. «Ұстазың — бірбеткей, тік сөйлейтін, мінезі жаман, атаққұмар адам болсын, өзіндік беті бар, өзіндік шындығы бар адам ғана сені жағаға алып шыға алады», — дейді ғалым. «Сізге бір нәрсе үйрете алатын кісімен ғана достас, осы межені алға ұстап өмірім өтті, досы аз адамға айналдым»... «Оқиға болғанын бәрі айтып бере алады, әлгі оқиғаның неліктен солай болғанын айтуға тырыс», — деп...