Жолдағы жолсыздықтар
Көпті көрген біреуді әңгіме етейін десе:
— Оның басынан кешірмегені жоқ, бармаған жері жоқ, баспаған тауы жоқ — деуші еді жұрт. Енді біз мұны Жаңа қалада, Бұқпада істейтін Қарағандылықтарға бейімдеп:
— Олардың басынан кешірмеген жол жанжалы жоқ, қарғып түспеген автобусы жоқ, ұрыспаған шофері жоқ — дейміз.
Ардақты, жолдастар, көне көрген «көне би» жұмыстан кейін үйге жету үшін автомобиль қиыншылықтарын, қамалдарын бұзып, машинадан парашютсіз секіріп түсіп жүрген, міне, біз боламыз.
Жұмыс уақыты аяқталуға тақалғаннан-ақ біз кездесетін автобус қамалдарын қалай бұзудың амалдарын да қарастырамыз. Жұмыс істеместен таласа-тармаса далаға шығамыз.
Жұмыстан кейін бізде жуыну деген болмайды, әрбір жанталасқан тартыста топырақ пен майға малынасың....