ФЕЙК: Вакцина әзірлеу үшін бір жыл уақыт жеткіліксіз
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар QazVac КВИ қарсы отандық вакцинаның әзірленуін талқылауда. Кейбіреулердің пікірінше, препарат тым тез әзірленді және бұл уақыт клиникалық зерттеулер жүргізу үшін жеткіліксіз болды. Сондай-ақ, пайдаланушылар вакцинаны сынау туралы деректер Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сайтында препарат қазақстандық нарыққа түскеннен кейін ғана шыққанына күмәнмен қарауда. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы ҚазАқпарат stopfake.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.