Жамбыл облысындағы әскери бөлімде жарылыстар тоқтады, өрт әлі жанып жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қорғаныс министрі оқиға орнында Жамбыл облысының әкімімен, Төтенше жағдайлар министрімен, мемлекеттік органдардың жедел штаб басшыларымен кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.