НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағы тазартылуда. Сонымен қатар, қорғаныс ведомствосының өкілдері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жүргізеді. Қорғаныс министрлігі тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдау және басқа да көмек туралы бізге Бас штабы бастығының орынбасары – тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Серік Жақсығалиұлы Борамбаев жан-жақты айтып берді.