Асқабақ
Асқабақ – ежелден егілетін өсімдік. Антарктидадан басқа кез келген жерде өсе береді және айтарлықтай күтімді қажет етпейді. Сабағы жерге жатып, желі тартып өседі. Жапырағы ірі, гүлі сары, жемісі әр түрлі, орташа салмағы 4-8 кг, ал ең жоғарғы салмағы – 800 кг болып өседі. Ғалымдардың болжамы бойынша, асқабақтың отаны – Африка. Шамамен 20 шақты сорты бар деп есептелінеді. Қазақ жерінде 13 түрі бар.