Елордада 6 елдің өкілдері Ауғанстандағы жағдайды талқылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда Орталық және Оңтүстік Азия елдері бас штаб бастықтарының қатысуымен конференция өтті. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, АҚШ, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдері қатысып, өңірдегі қауіпсіздік шеңберіндегі ахуалды, оның ішінде Ауғанстандағы жағдайды талқылады. Бұл туралы ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.