Жалпыұлттық халық санағының алғашқы кезеңі: Түркістан облысында 2 003 479 адам тұрады
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Жалпыұлттық халық санағының алғашқы кезеңінде Түркістан облысында тұратын халықтың саны 2 003 479 адамды құраған. Бүгінде өңірде санақ жүргізуге өңірден 127 уәкіл, 50 нұсқаушы-бақылаушы және 352 интервьюер жұмысқа тартылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.