Жаңбыр, қар, екпінді жел: 28 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 28 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі. Барлық аймақта жел күшейіп, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста тұман, солтүстік-батыста, оңтүстікте найзағай болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.