29 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 29 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде фронталды бөліктердің әсерінен жауын-шашын болады. Еліміздің орталығында және оңтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Республиканың тек батысына ғана солтүстік антициклон әсерін тигізеді, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Барлық өңірде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте және шығыста тұман, солтүстікте көктайғақ, оңтүстікте найзағай болады. ҚазАқпарат бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.