Қазақстанда спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы берілетін төлем бірнеше есеге өсуі мүмкін
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының, әлем чемпиондары жеңімпаздары мен олардың жаттықтырушыларының өмір бойы ай сайынғы төлем көлемі өспек. Бұл туралы Ашық НҚА сайтында жарияланған ҚР Үкіметі қаулысының жобасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.